1 желтоқсаннан бастап жазғы шинамен жүрген көлік жүргізушілеріне айыппұл салынады


ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 12:40 0

1 желтоқсанға дейін барлық автокөлік жүргізушілері жазғы дөңгелектерді қысқы шиналарға ауыстыруы қажет.  

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, қысқы шина көлік құралының барлық дөңгелектеріне орнатылуы керек, ал протектор үлгісінің қалдық биіктігі 4 мм-ден кем болмауы керек. 

– Қысқы резеңке тежеу жолын қысқартуға және мұзда көлікті басқаруды айтарлықтай жақсартуға көмектеседі. Төмен температурада жазғы дөңгелектің резеңкесі өзінің қасиеттерін жоғалтып, қатты болады да қажетті тартылысты қамтамасыз етпейді. Сондықтан оны пайдалану қауіпті. Көктайғақ пен суық температурада қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қысқы резеңкені уақытында ауыстырыңыздар, - делінген хабарламасында. 

1 желтоқсаннан бастап жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 5-бөлігіне сәйкес, 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынады.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив