"ВСАМ Продакшн" ЖШС өкілдері Күршім ауданына қарасты Маралды ауылында алтын өңдеу фабрикасының құрылысы аяқталғанын хабарлады.
– Біз фабриканы іске қосуға қажетті барлық рұқсаттарды алдық және бүгіннен бастап толық көлемде жұмыс істей бастаймыз, - деді кәсіпорын директорының орынбасары Талғат Мақатаев.
Фабрика басшылығының өкілі компанияның барлық қауіпсіздік шараларын сақтап, жергілікті халық алдында уәде етілген әлеуметтік міндеттемелерін толықтай орындайтынын атап өтті.