Мұнай компанияларының өнім бөлу туралы ерекше келісімдерін ашық жариялауды талап еткен петиция шықты


ЖАҢАЛЫҚТАР 1-08-2024, 16:27 0

Қазақстанда Тенгизшевройл, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг және Норт Каспиан Оперейтинг компанияларының өнім бөлісу туралы келісімдерін ашық жариялауды талап етіп, петиция жариялады. Мұндай талапты «Байтақ» жасылдар партиясының мүшелері және  «Парасат» кәсіпкерлер альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің үйлестіру кеңесінің мүшелері қойды.  

Петицияда соңғы 30 жылда мұнай өндіруші аймақтар "экологиялық апат аймақтарына айналғаны", мұнай компаниялары бұл проблемалық мәселелерді шешу үшін "ешқандай шара қолданбайтындығы" айтылды.  

"Халықтың жер қойнауына конституциялық құқығын жүзеге асыру ғана экономикалық және әлеуметтік жағдайды, азаматтардың әл-ауқатын  жақсартып билікке деген сенімді нығайта алады. Осылайша, Қазақстан азаматтары мен олардың балалары жер қойнауын пайдаланудан түскен қаражатқа жеке жинақ шоттарын алып, оларды өмір сүру сапасын жақсартуға жұмсауы керек" делінген петицияда. 

Айта кетейік, өнімдібөлутуралыкелісім деген - бірлескенкәсіпорынқұрутуралышарттыңерекшетүрі.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив