Берелге жүреді деген автобус ауылға “бір рет те бармаған”. Неге?


ЖАҢАЛЫҚТАР / Басты 1-08-2024, 16:14 0

Осыдан екі ай бұрын ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы «Өскемен – Катонқарағай – Берел» бағытында автобус шыққанын хабарлаған. Бірақ Берел ауылының Самал есімді тұрғыны «бізге автобус бір рет те келген жоқ» дейді. 

Bizdin Oskemen сайтының тілшісі бұл мәселенің анық-қанығын анықтады. Өскемен қалалық автовокзалына хабарласып, Катонқарағайға билет сұрағанда, анықтама қызметкері соңғы 3 апта бойы автобус жүрмегенін айтты.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділовтің айтуынша, жолаушылардың аздығы себебінен Берелге баратын автобус тоқтап қалған. 

Еске салайық, бұл автобус мамырда ғана іске қосылған. Әкімдік Берелге дейін жүреді деп хабарлаған. 

Алайда сол кездің өзінде, арада бірнеше күн өткенде біздің редакция қоғамдық көліктің тек Катонқарағайға дейін барып жүргенін анықтаған. 

Осыдан кейін бұл сұраққа байланысты ШҚО әкімдігі баспасөз қызметі ресми жауап берген болатын. Жауапта “әзірге Берелге дейін баратын және қайтатын жолаушылар саны аз болып тұр, сондықтан маршрут аудан орталығы Катонқарағайға дейін ғана жүреді” делінген. “Бірақ, алдағы уақытта жолаушылар саны көбейсе автобус Берелге тұрақты түрде қатынайды” деп уәде де берген.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив