Көлік басқармасы «Сергек» камерасы кеткеннен кейін Өскемендегі көшелердегі бақылау жүйесінде не болып жатқанын айтты. Дәлірек айтсақ, оған қызмет көрсететін компаниямен келісім-шарт аяқталған.
«Қоғамдық және жол қауіпсіздігі жүйесін кеңейту және жаңғырту бойынша конкурс өткізілді, оның қорытындысы бойынша Satory Сompany LTD компаниясы тендер алғаны анықталды. Қазіргі уақытта жүйені қабылдау және жаңа қызмет көрсетушіге өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп түсіндірді ведомстводан.
Қаладағы жүргізушілер тәртіп бұзушылық туралы хабарлама алмағанын байқаған.
Сондай-ақ, «Көркем телеком» провайдері осы компания жұмысын аяқтағаннан кейін «Сергек» жүйесінің камераларына арналған байланыс арнасын өшіріп тастағаны белгілі болды.
Алайда көлік бөлімі камералардың жұмыс істемейтінін және заң бұзушылықтарды тіркемейтінін растаған жоқ.
«Жүйе жұмыс істейді және суреттер сақталады, байланыс арнасын орнатқаннан кейін алынған суреттерді полиция талдайды», - деді олар.
Жаңа жоба аясында бейнекамералар саны 5,8 мыңға дейін ұлғайтылатыны (Өскемен, Риддер, Алтай қалаларын қамтитын) нақтыланды. Оларды орнату орындарын қылмыстық жағдайды талдау негізінде полиция бөлімі анықтады.
Естеріңізге сала кетсек, «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені (қазақша «Сергек» сөзінің мағынасы «сезімтал, қырағы») — «Көркем Телеком» компаниясының қазақстандық IT мамандарының зерттемесі. Бұл қаланың көшелері мен жолдарындағы құқық бұзушылықтарды тіркейтін интеллектуалды бейне бақылау, талдау және болжау жүйесі.
«Сергек» сертификатталған құрал болып табылады. «Сергек» құрамына бейне түсіру модульдерінің желісі, суреттерді жазу және тану жүйесі, ақпаратты өңдеуге және талдауға арналған зияткерлік жүйе кіреді. Сергек қылмысты ашуға және қоғамдық тәртіпті қадағалауға көмектеседі. «Сергек» жүйесінің көмегімен қылмыстарды, соның ішінде ұрлық, көліктерді айдап әкету, адамды өлтіру ашыла бастады.
«Сергек» жобасы камераларының көп бөлігі қалалардың түрлі қоғамдық орындарында, тұрғын үй кешендерінде, мектептер мен адамдар көп жиналатын жерлерде орналасқан. Қазіргі таңда «Сергек» жаңартылған. Бір камераға үш инфрақызыл жарық қосылады, әрбірі әр жолаққа жауапты болады. Соның ақрасында түнде кескін анық көрінеді. Камера түсірген фотосуреттен құрылғы машинаның мемлекеттік нөмірін ғана емес, алдыңғы орындағы жүргізуші мен жолаушының қауіпсіздік белдігін таққан-тақпағанын да анықтайтынын көруге болады. Түнде түсірген суреттің өзінен көліктегі адамдар анық көрінеді.