Журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында Риддердің бұрынғы әкімі Дәулет Батырбаевтың ұсталғанын хабарлады. Бұл ақпаратты өзге де бірнеше сайттар аталмыш арнаға сілтеме беріп таратты. Бірақ әзіргі құзырлы органдар растаған жоқ, теріске де шығармады.
"Қаржы мониторингі агенттігі оған қатысты 200 миллион теңге жымқырды деген күдік бойынша тергеу жүргізуде", - деп жазады журналист.
Сәуір айының соңында Дәулет Батырбаев әкім қызметінен кеткен болатын. Ол бұл қызметте бір жыл да жұмыс істеген жоқ.
Жақында Риддердің жаңа әкімі тағайындалды, ол бұрын Ұлан ауданының әкімі қызметін атқарған 36 жастағы Думан Рахметқалиев.