Шығыс Қазақстан облысының онкологиялық орталығында ашық есік күні жарияланды. Бұл күні қала тұрғындары сүйектер мен жұмсақ тіндерін тексерте алады. Ашық есік күні 13 шілдеде сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Шығыс Қазақстан көпсалалы онкология және хирургия орталығында өтеді.
«Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан орталықтың жетекші мамандарынан кеңес ала алады. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болса болғаны. Дәрігердің жолдамасы талап етілмейді», - деп хабарлады онкологиялық диспансердің баспасөз қызметі.
Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Потанина көшесі,6. 1 корпус, консультациялық-диагностикалық бөлім (емхана). Байланыс телефондары:
+7 (7232) 48-91-51, +7 778 003-78-45.