Риддердегі теміржол вокзалы жөнделіп жатыр

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 17:00 0

Риддер қаласы теміржол вокзалында қайта жаңғырту жұмыстары басталды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Теміржол вокзалында қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары қарқынды  жүргізіліп жатыр. 

– Вокзал бірнеше айдың ішінде түбегейлі өзгереді. Вокзалдың қасбеті қазіргі заман талаптарына сай жасалып, шатыры толығымен ауыстырылады, – дейді теміржол станциясының бастығы Ерасыл Бақытбеков. 

Сонымен қатар, вокзалдың ішіде түбегейлі жаңартылады. Жолаушылар, әкімшілік және полиция қызметкерлері үшін бөлек аймақтар қарастырылатын болады.Одан бөлек, вокзал аумағына ыңғайлы орындықтар орнатылады.         

Қайта жаңғырту жұмыстарын «Элхон» ЖШС құрылыс компаниясы жүргізіп жатыр. Теміржол вокзалын жөндеу жұмыстары 3-4 айға созылады.


 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив