Глубокое ауданында екі жайлы мектеп дайын

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 18:21 0

Глубокое ауданында биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында екі жаңа мектеп салынды. Оқушылар енді жаңа оқу жылын жаңа ғимаратта бастайды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Белоусовка кентіндегі «Жайлы мектеп» құрылысы толық аяқталып, 2024-2025 оқу жылында бастауыш сыныптарды қабылдаған. Құрылыс жұмыстарының аяқталуы кенттегі мектептерде орын тапшылығының шешілуіне септігін тигізді. 

Жаңа мектеп 300 орынға арналған және екі ауысымда жұмыс істейді. Бұл басқа мектептердегі жүктемені жеңілдетуге мүмкіндік береді. Қыркүйек айынан бастап мектеп толыққанды жұмысын бастайды, — деді Глубокое аудандық білім бөлімінің бас маманы Айымгүл Смағұлова.

Мектеп қазақ және орыс тілдерінде білім береді. Жаңа оқу жылында мектепте 22 сынып құрылып, оқушылардың шығармашылық, техникалық және танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған қосымша үйірмелер ашу жоспарланды.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив