Кондиционері бар автобустар әкелінді. Өскеменге ме?


ЖАҢАЛЫҚТАР 24-07-2024, 09:59 0

Сурет: Altainews.kz

Өскемендегі «Вебас» компаниясына 8 жаңа қоғамдық көлік келді. Автобустардың маркасы Zhong Tong деп аталады.

— Олардың іші кең, үш есікті, пандустары бар. Ең бастысы, кондиционер жұмыс істеп тұр. Біздің қалаға қаншалықты жарайтынын уақыт көрсетеді, бірақ бәрі жақсы болады деп үміттенемін, - дейді «Вебас» ЖШС басшысы Евгений Бутримов.

Облыс орталығында жалпы автобус парктерін жаңарту мақсатында биыл 92 көлік сатып алу жоспарланған. Қазір оның 60-ы жеткізіліп, әр түрлі бағыттарда қолданылып жүр. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив