Жастар жеңіс жылдарындағы әндерді шырқады

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 15:17 0

Жеңістің 80 жылдығына орай орталық алаңда «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» студенттік фестивалі өтті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 
Орталық алаңға жиналғандардың дені жастар. Кеудесіне көк лента тағып алып арлы-берлі әскери тәртіппен адымдай басып жүрген жастар еркіндікті паш етіп, ерлікке тағзым етуде.
- Бұл фестивалға өңіріміздегі жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатысуда. Сондай-ақ ардагерлерге ән шырқауға мүмкіндік берілді. Барлығы еркін форматта өтіп жатыр, - дейді ШҚО Жастар орталығының директоры Айдос Әділбеков.
Әсіресе соғыс жылдарындағы әндерді жастар шырқай жөнелгенде ересектер еріксіз тоқтай қалып тыңдауда. Осылай жастар жеңістің даңқын әнмен асыруда.
- Кешегі қан майданда аталарымыз әкелген жеңіс бүгінгі бізге еркіндік сыйлап отыр. Сондықтан да біз әрдайым ерлікке тағзым етуде назарға ұстау керекпіз. Осы шараға қатысу арқылы өзімді ерлікке тағзым жасадым деп ойлаймын. Бұл өзге мерекелермен салыструға келмейтін мереке деп ойлаймын, дейді Өскемен медициналық жоғары колледжінің студенті ӘлиЖәрденбол.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив