Өскемендіктер жеңісті жақындатқан батырлардың рухына бас иді

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 21:00 0

Өскеменде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Шырақ жағу» акциясы өтті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Дәстүрлі түрде өтетін бұл шараға  қала тұрғындары көптеп жиналды. 

Акция барысында алғаш болып шырақ жағу құрметі балаларға берілді. Бұл – болашақ ұрпақтың бейбіт өмір мен ерлік тарихты ұмытпай, мәңгі есте сақтауын мақсат еткен символдық қадам болды. 

Жеңістің 80 жылдығына арналған алғашқы шамдар жағылып, алаулап жанған шамдар Ұлы Жеңіс рухын тағы бір мәрте жаңғыртты.

– Шырақ жағу рәсімін Отан үшін күресте жанын қиған ата-бабаларымызға құрмет ретінде түсінемін, жыл сайын акцияны жіберіп алмауға тырысамыз, себебі осы тұлғалардың жеңісі арқылы біз тыныш өмір сүріп келеміз. Оларға мың алғыс!, – деді қала тұрғыны Шынар Ермекқызы. 

«Шырақ жағу» акциясы – майданда шейіт болған ата-бабаларымыздың рухына тағзым етіп, бейбіт күннің қадірін ұғынуға арналған терең мағыналы іс-шара. 

Түнгі аспан астында жарқыраған жүздеген шам – жүректердегі алғыс пен құрметтің көрінісі іспетті.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив