Өскеменде 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған салтанатты кешкі концерт өтіп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
«Жеңіс» мемориалдық кешенінде өткізіліп жатқан бұл мәдени шараға жергілікті тұрғындар көптеп жиналды.
Концертке түрлі жастағы өнерпаздар қатысуда: сахнада жастар да, орта буын өкілдері де өздерінің өнерлерін паш етті. Олардың орындауындағы әндер мен билер, хор және театрландырылған қойылымдар көрермендердің көңілінен шықты.
Концерттік қойылымдар көрермендерге майдан шебіндегі өмірді терең сезіндіре білді.
– Менің ойымша, бұл мереке біздің жастарымыздың, балаларымыздың, болашағы үшін маңызды. Біздің ата-апаларымыздың қайсар батыр болғанын, сол кісілердің арқасында қазір бейбіт өмір сүріп жатқанымызды жастар білуі керек, – деді қала тұрғыны Анара Салимова.
Мерекелік кеш барша көрермендерге рухани серпіліс сыйлап, Жеңіс күнінің маңыздылығын тағы бір еске салды.