Өскеменде Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт өтті

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 13:30 0

Облыс орталығында Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтары Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған мерекелік концертті тамашалады.

Шара барысында Отан үшін жанын қиған батыр қыз Әлия Молдағұловаға арналған «Әлия» әні шырқалды. Іңкәр тобы, Әсем Рыспаева, Евгений Выблов, Полиция департаментінің хоры өнер көрсетті. Мерекелік концертті тамашалауға жиналған қауымның қарасы қалың. 

– Маған концерт өте қатты ұнады. Тематикасы, арнайы құрылған сахна барлығы да ерекше, – дейді қала тұрғыны Құралай Мұратқызы.

Концертте халық батырларының ерен ерлігіне арналған патриоттық әндер  халықтың рухын оятып, тұла бойын шымырлатты. 

– Бүгінгі Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесі құтты болсын! Мен Семей қаласынан арнайы осы іс-шараны көру үшін келдім. Бүгінгі шара көңілімнен шықты. Өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылған. Концерт керемет. Орындаушылардың шеберлігі өте жоғары. Кішкентай балапандардың өнерін тамашалап, сондай жақсы әсер алдық. Өнерпаздардың өнері өрге бассын. Осы бейбіт күнге жеткізген ардагер аталарымыздың рухына тағзым етеміз. Осындай іс-шаралар жалғасын таба берсін, – деді Семей қаласының тұрғыны Бақыт Құдайбергенова.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив