Күршімде тағы 4 ауылға интернет тартылады


ЖАҢАЛЫҚТАР / АУДАНДАР Кеше, 16:02 0

Бүгінде Күршім халқының 78,9%-ы кең жолақты интернет желісімен қамтамасыз етілген. Яғни 21 ауылдың 8-і (халық саны 11 335 адам) интернетке қосылған, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.
Жалпы халық саны 3018 адамды құрайтын 13 елді мекенге өркениет сәулесі әзірге жеткен жоқ. Алайда жергілікті билік 2027 жылдың соңына дейін ауданды толықтай интернетпен қамтамасыз ету жоспарланып отырғанын айтады. 
Күршім ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Әлібеков биыл 4 ауылға аннтеналық-діңгекті құрылғылар орнатылып жатқанын атап өтті.

-    4 елді мекенге, атап айтсақ Үшбұлақ, Жолнұсқау, Қаратоғай, Егіндібұлақ ауылдарына жалпы соммасы 632,8 млн. Теңгені құрайтын аннтеналық-діңгекті құрылғылар орнату бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ Қайыңды ауылында «КарТел» ЖШС-мен мачталық антенна құрылғы орнатылған және Қойтас ауылында «Шығыстелеком» ЖШС-мен бірлесіп мұнара орнатылды, - деді Мейіржан Әлібеков Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен бирфингте.

Сонымен қатар, Күршім ауданының 17 жалпы білім беретін мектебінде интернет желісіне жоғары жылдамдықпен қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін «Starlink» жиынтықтары қосылған. 
Осы орайда биыл Шығыс Қазақстан облысында 29 елді мекен интернет желісімен қамтылып, шалғайдағы 158 мектепке Starlink желісі қосылған. 
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек 2027 жылдың соңына дейін Қазақстанның барлық ауылы сапалы интернетке қосылатынын айтқан болатын.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив