Риддердегі аурухана құрылысы жыл соңына дейін аяқталады

ЖАҢАЛЫҚТАР / Басты 3-06-2025, 12:00 0

сурет: ШҚО прокуратурасынан

Шығыс Қазақстан облысында қайтарылған қаражат есебінен Өскемен және Риддер қалаларында, Ұлан және Шемонаиха аудандарында денсаулық сақтау және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту салаларындағы 7 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізіледі. 

2024 жылы прокуратура органдарының жұмысының арқасында арнаулы мемлекеттік қордан қайтарылған активтер есебінен Риддер қаласында аурухана кешенінің құрылысын аяқтауға 28,1 млрд теңге мөлшерінде ақшалай қаражат бөлінді.  

Кешенге жалпы ауданы 40 106,84 м2 үш ғимарат кіреді:

Стационар (5 блок, 3-5 қабат, жалпы ауданы 29 563,36 м2) – дайындық 40%.

Емхана (5 блок, 4 қабат, 400 ересек және 100 балаға, ауданы 9 991,2 м2) – дайындығы 85%.

Ас блогы (1 қабат, ауданы 627,76 м2) – дайындығы 92%.  

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының мәліметінше, бүгінгі таңда емхана бойынша қаңқа мен қасбет, соңғы кезеңде әрлеу жұмыстары, сантехника, кіру тобының құрылғысы аяқталды. 

Стационар бойынша 100% Б блогында (3 қабат), А блогында (5 қабат) – 60% жұмыстар орындалды. Монолитті жұмыстар жүргізілуде, сыртқы қабырғаларды қалау, бөлімдер салу, әрлеу және қасбеттік жұмыстар басталды. Нысанда 300 адам жұмыс істейді.

Аяқталу мерзімі – осы жылдың соңы.


 

 

 

 

 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив