Өскемен-Алтай тасжолының маңында жарылыс жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Бұл жұмыс Осинов асуын айналып өтетін жолды абаттандыру жобасымен байланысты.
«Бүгін сағат 13:00-ден 17:00 – ге дейін республикалық маңызы бар Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары жолын қайта жаңартуға байланысты жарылыс жұмыстары жүргізіледі», - делінген хабарламада.