Өскеменнен Қытай мен Моңғолияға тұрақты әуе рейстерін ашу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы «Өскемен әуежайы» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Қытай өкілдерімен "Өскемен – Үрімжі" рейсін ашу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл бағытта ұшақтар аптасына екі рет ұшады.
Сонымен қатар, "Өскемен – Баян-Өлгий" бағытында тікелей рейс ашылады. Осы мәселені талқылау үшін жақында облыс орталығына Моңғолия елінен арнайы делегация келеді.