Өскеменнен Алакөлге бару. Пойыз шықты, енді әуе рейсі бойынша келіссөз басталды


ЖАҢАЛЫҚТАР 30-05-2024, 11:26 0

"Өскемен әуежайы" компаниясы Өскемен-Үржар-Өскемен бағытында рейс шығару үшін әуе компанияларымен келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлады. 

 

Келіссөздер сәтті өтсе, осы жазда Өскеменнен Үржарға, яғни Алакөлге ұшып баруға мүмкіндік болады. Әзірге нақты шешім қабылданған жоқ. 

 

Жаз шыққанда Шығыс Қазақстан тұрғындары демалыс орындарына барудың жолын іздейді.

 

Бұған дейін Өскеменнен Ақтоғайға (Алакөлге жақын) дейін электр пойызы шығатыны хабарланған. Плацкарт-5144 теңге, купе-7543 теңге болады. 


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив