Бүгін найзағай ойнап, бұршақ жауады - ШҚО

ЖАҢАЛЫҚТАР 3-06-2025, 09:36 0

Бүгін өңірдің солтүстігі мен шығыс аумағында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Сондай-ақ облыстың солтүстік пен оңтүстік аудандарында күндізгі уақытта оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетпек.

Ауа райы құбылып, қауіп төнуі ықтимал болғандықтан, мамандар сақтық шараларын ұстануға кеңес береді. Өскемен қаласында да күндіз найзағай күтіледі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін ескеруге шақырады.
Мамандардың айтуынша, найзағай кезінде үйде болып, терезе, есік пен мұржаларды жабу қажет. Электр құралдарын сөндіріп, қолданбау керек. Ал сыртта жүрген жағдайда металл қоршаулардың, биіктеу жерлер мен электр тогын өткізуі мүмкін заттардың қасына жоламаған жөн. Жел күшейген кезде сымдарға, тербеліп тұрған бұйымдарға жақындауға болмайды. Сондай-ақ, автобус аялдамалары мен ағаштардың астына жасырыну қауіпті.
Төтенше жағдай орын алған жағдайда жедел қызметке 112 нөмірі арқылы хабарласуға болатынын еске саламыз.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив