Катонқарағай ауданында «Ауыл Аманаты» бағдарламасы арқылы жаңа туристік демалыс орны ашылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Ауыл туризмін дамыту – еліміздің экономикалық әлеуетін арттырудағы маңызды бағыттардың бірі. Осы ретте, «AMANAT» партиясының «Ауыл Аманаты» бағдарламасының шапағатын көріп, туған ауылында кәсіп бастаған азаматтардың саны артуда. Солардың бірі – Катонқарағай ауданының тұрғыны Тунгат Игманов.
– Ауыл Аманаты – менің арманымның бастауы болды. Осы бағдарлама арқылы 2,5% жеңілдетілген мөлшерлемемен 9,2 миллион теңге көлемінде несие алып, туған өлкемде кәсіп бастауға шешім қабылдадым. Қазір шағын демалыс үйінің негізгі құрылысы аяқталып, алғашқы қонақтарды 25 мамыр күні қабылдауға дайындалып жатырмыз, – дейді кәсіпкер.
Катонқарағайдың көркем табиғатында салынған бұл қонақүйде:
• Жайлы әрі заманауи бөлмелер,
• Жылыту жүйесімен жабдықталған монша,
• Қажетті жиһаздар мен тұрмыстық техника,
• Ең бастысы – табиғи тыныштық пен саф ауа бар.
Қонақтарға ұсынылатын қызметтер:
• Атпен серуендеу – табиғат аясында,
• Фитобочка – шөп буымен денені тазарту,
• Массаж – кәсіби терапевттен,
• Фитотерапия – табиғи шөптер арқылы ем,
• Банное парение – бу мен емдік шөп қоспасымен монша рәсімі.
Демалыс орны аумағында киіз үй тігіліп, онда:
• Қымыз ұсынылады,
• Ұлттық тағамдар әзірленеді,
• Қонақтар қазақтың дәстүрімен танысып, ұлттық нақыштағы қызметке куә бола алады.
– Катонқарағайдың сұлу табиғатын елге кеңінен танытқым келеді. Қонақтар демалып қана қоймай, қазақтың дәстүрі мен тағамдарынан ләззат алып, ауыл туризмінің әлеуетін сезінуі тиіс. Бұл – менің бала кезгі арманым еді. Қазір оны жүзеге асырып жатырмын. Ауылда отырып-ақ кәсіп ашуға, туған жердің дамуына үлес қосуға болады», – дейді кәсіпкер Тунғат Игманов.