109: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық проблемалары бойынша кімге хабарласуға болады?


ЖАҢАЛЫҚТАР 24-06-2024, 16:56 0
ШҚО-да тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы проблемаларға шағымдануға болатын байланыс орталығы жұмыс істейді. Тәулігіне 109 байланыс нөміріне аймақтағы проблемалар туралы 100 - ге жуық қоңырау түседі екен. Ал жыл басынан бері наразы азаматтар 18 мыңға жуық қоңырау шалған. 
Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және мұрағаттар басқармасының ақпараттық технологиялар орталығында 109 бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. Бұл нөмір бойынша сіз автобус кешіксе, құдық қақпағы ашық жатса, құбырлардың жарылса, электр қуаты өшсе, лифт пен иесіз иттер көрсеңіз шағым айта аласыз. Бұдан өзге осы тәрізді мәселелерді айтуыңызға болады.
ШҚО цифрландыру және мұрағаттар басқармасының ақпараттық технологиялар орталығында хабарлағандай, 109 нөміріне қалалық және ұялы телефондардан тегін хабарласуға, сондай – ақ хабарлама жіберуге болады: WhatsApp - 8-771-810-91-09, Telegram – @vko_109_bot (қазіргі уақытта жұмыс істемейді), Instagram - @109.vko.
Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив