Өскемен тұрғынын "полицейді балағаттағаны үшін" 80 сағат қоғамдық жұмыс істеуге міндеттеді


ЖАҢАЛЫҚТАР 24-06-2024, 09:46 0

Өскемен қаласының 2 сотында Шығыс Қазақстан облысы орталығының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды. Оғанилік өкілін қорлау" бабы бойынша айып тағылды.

Сот ақпараты бойынша, көктемде, сағат 21:00 шамасында Бажов пен Белинский көшелерінің қиылысында жол ережесін бұзған адамды құқық қорғау органдары тоқтатқан. Оқиғаны телефонға түсіріп жатқан әлгі адам полиция қызметкерлерін балағаттаған. Содан кейін ол видеоны TikTok әлеуметтік желісіне жариялаған.

Айыпталушы кінәсін толық мойындап, өкінетінін білдірген.

"Іс бойынша жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Оның өкініп, мойындағаны қылмыстық жауапкершілік жазасын жеңілдететін мән-жайға жатады деп танылды. Сот оған 80 сағат қоғамдық істеуді міндеттеді", деп жазылған сот ақпаратында

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив