300 млн теңгеге түсірген кино жеті-ақ мың теңге табыс әкелді


ЖАҢАЛЫҚТАР / ӘР САЛА 21-06-2024, 17:12 0

 Сенат депутаты Бекболат Орынбеков Парламент палаталарының бірлескен отырысында бюджеттің тиімсіз игерілуі кино саласында да белең алғанын айтты.

«Мысалы, «Аруақ» фильміне 300 млн теңге жұмсалса, табысы 7 мың теңге ғана түскен. «Композитор» фильміне 1,2 млрд теңге бағытталса, оның табысы 400 мың теңге болды. Ұлттық киноны мемлекеттің қолдауы орталығы бойынша 2019-2023 жылдары бюджеті 6,7 млрд теңге, ал прокат соммасы 1,1 млрд теңге. Өкінішке қарай, осындай мысалдар өте көп. Сондықтан мемлекеттік аудиторлардың есептері ескерілмеді деген күмән бар», - деді ол.

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив