Синоптиктер екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай басталады деп ескерті.
Ақпарат бойынша, 20 маусым сағат 18.00-ден 21 маусым сағат 20.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша қолайсыз метеожағдайлар болады.
Экологтардың айтуынша, қолайсыз метеожағдай деген, желсіз тымық күндер. Мұндайда кәсіпорын, көліктер шығаратын зиянды қалдықтар қала төбесінен ұзамай, торлап тұрып алады.
Әдетте экология департаменті мұндай күндері сыртта көп жүрмеуді, терезені жабық ұстауды және спортпен шұғылданбауды ұсынады.