Фискалдық чекпен «Бәйге»-ге қатыс – ШҚО

ЖАҢАЛЫҚТАР 6-05-2025, 16:24 0

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Бәйге» атты жаңа акцияның өткізілетінін хабарлады. Аталған акция аясында белгіленген кезеңде ең көп фискалдық чекті тіркеген жеке тұлғаларға 100 000 теңге көлемінде сыйақы беріледі. Акция 2025 жылғы 1 мамырда басталып 31 желтоқсанға дейін бүкіл ел бойынша өткізіледі.

Әрбір тоқсанның қорытындысы бойынша әр өңірден (жалпы 20 жеңімпаз — әр облыс пен республикалық маңызы бар қаладан бір жеңімпаз) ең көп фискалдық чек сканерлеген азаматтарға 100 000 теңге көлемінде жүлде беріледі.

          Акция тоқсан сайын өткізіледі:

          1-кезең: 1 мамырдан екінші тоқсанның соңына дейін;

          2-кезең: үшінші тоқсанда;

          3-кезең: төртінші тоқсанда. 

Аталған акцияға қатысу үшін «Amian» мобильді қосымшасы арқылы тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге төленген чектерді тіркеу қажет. 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарды тұтынушы құқығын қорғау үшін бақылау-кассалық машиналардан берілетін чектерді талап етуге шақырады.

Сонымен қатар, 2025 жылғы 3 сәуірден бастап республикалық «Чек талап ет – жүлде ұтып ал» акциясының жалғасатынын хабарлады. Бұл акция аясында кез келген азамат тауар сатып алып немесе ақылы қызмет алып, ақшалай және бағалы жүлделерді ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.

Акцияға қатысу үшін «Amian» мобильді қосымшасы арқылы тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлем жасалған чектерді тіркеу жеткілікті. Акцияға тек деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар онлайн-ККМ арқылы берілген фискалды чектер қатысады.

Акцияның негізгі мақсаты – азаматтардың белсенділігін арттыру, тұтынушы ретінде өз құқықтарын қорғау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ көлеңкелі экономиканың үлесін азайту.

«Аmian» қосымшасын App Store және Play Market дүкендерінен тегін жүктеуге болады.

Ал Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылғы 15 наурызда басталған, микро және шағын бизнес субъектілері берген бақылау-кассалық машиналардың фискалдық чектері бойынша сыйақылар төлеуге бағытталған "salyq кэшбэк" пилоттық жобасының қайта бастаған болатын.

"Salyq кэшбэк" жобасына кез келген адам қатыса алады. Ол үшін тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу кезінде фискалдық чек алу, "Amian" арнайы мобильді қосымшасындағы чектен штрих-кодты сканерлеу және сатып алу сомасының 2% мөлшерінде сыйақы алу қажет. 

Сыйақылар "it Analytics" ЖШС операторы арқылы "Amian"мобильді қосымшасын пайдалана отырып есептеледі.

"Amian" қосымшасын App Store және Google Play дүкендерінен тегін жүктеуге болады.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив