«Қазгидромет» РМК мамандары бірқатар өңірде күн райы бұзылатынын хабарлап, ескерту жасады.
Синоптиктердің сөзіне сенсек, 30 сәуірде түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. Түнде және күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды.
Жел солтүстік батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жылдамдығы 15-20, кей уақыттарда екпіні 25 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігідне жоғары өрт қауіпі күтіледі.