Шығыс Қазақстан облысы делегациясының Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына жасаған сапарының нәтижесінде жалпы құны 2 млрд АҚШ долларын құрайтын 13 меморандумға қол қойылды.
Бүгінгі таңда өңір аумағында 45 Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді. Қытай Халық Республикасының ШҚО-ның сыртқы саудасындағы үлесі 20%-дан асып, 1 млрд АҚШ долларынан артып отыр.