ШҚО: 11 мыңнан астам жол ережесін бұзу фактісі анықталған

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 17:21 0

Жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында өңірдегі автожолдардың ақауларын анықтау, жол белгілерін, стробоскоптарды, патрульдік автокөліктер мен жануарлардың макеттерін орнату бойынша жұмыстар жалғаса түспек. Сондай-ақ әртүрлі қылмыстың алдын алу мақсатында спирттік ішімдіктен толық бас тартқан елді мекендердің тәжірибесін тарату туралы ұсыныс айтылды,деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Отырыста жол-көлік оқиғаларының, сондай-ақ спирттік ішімдікпен мас күйінде және кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың алдын алу мәселелері қаралды.

Қазіргі уақытта өңірдегі автожолдардың ақауларын анықтау, жол белгілерін, стробоскоптарды, патрульдік автокөліктер мен жануарлардың макеттерін орнату бойынша жүйелі жұмыс жүргізілулде. Сонымен бірге, Өскемен, Риддер және Алтай қалаларында «Мерген» аппараттық-бағдарламалық кешенін енгізу жалғасуда. Бүгінгі күні 207 бейнекамераның көмегімен 11 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталған.

ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері құқықбұзушылық жасауға бейім тұлғалардың тұрғылықты жерлері бойынша жоспарлы тексеру жұмыстарын жүргізген.

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың алдын алу мақсатында «Жасөспірім», «Каникул», «Түнгі қаладағы балалар», «Профилактика» іс-шаралары және «Жасөспірім. Заң. Қауіпсіздік» акциялары тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінгі таңда 107 жасөспірім мен 196 бала тәрбиелеу және оқыту міндеттерін орындамаған заңды өкіл есепке алынған.

Аймақ басшысы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аудару керектігін айтты. Ол жолдарды жөндеу, апатты-қауіпті жерлерде жарық орнату, мектептер маңындағы инфрақұрылымды және жаяу жүргіншілер өткелдерін жаңғыртуды тапсырды.

Сондай-ақ спирттік ішімдіктен толық бас тартқан елді мекендердің тәжірибесін тарату, спирттік ішімдіктерді тек арнайы алкомаркеттерде сату туралы ұсыныс та айтылды. Сонымен қатар, спирттік ішімдік өнімдерінің заңсыз саудасына тосқауыл қою және маскүнемдіктің алдын алу мен салауатты өмір салтын насихаттау бойынша профилактикалық жұмысты күшейту қажеттігі атап өтілді.

Жиын барысында жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейту қажеттігі ерекше ескертілді. Жасөспірімдер мен олардың ата-аналарын жауапкершілік туралы уақтылы хабардар ету, құқықбұзушылықтар жиі тіркелетін орындарға назар аудару және қажет болған жағдайда олардың лицензияларын қайтарып алу шараларын қабылдау ұсынылды.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив