Зайсандағы әкім сайлауының қорытындысы шықты

ЖАҢАЛЫҚТАР / МАҢЫЗДЫ Бүгін, 16:40 0

2025 жылы 27 сәуірде Зайсан қаласында қала әкімі сайлауы өткен болатын деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.


Аудан әкімдігінің парақшасына жарияланған ақпаратқа және Зайсан аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметтеріне сүйенсек, сайлау қорытындысы бойынша:


Тауасаров Ринат Әденбекұлы – 65,6 % дауыс;

Типеев Елдар Кусайнович – 29,6 % дауыс;

Екібасов Бауыржан Рантаевич – 3,1 % дауыс.

“Дауыс беру барысын кандидаттардың бақылаушылары мен аккредиттелген тәуелсіз байқаушылар үздіксіз қадағалады. Барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру және дауыс санау рәсімдері Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына сәйкес жүргізілді.

Сайлау процесі барысында заң бұзушылық фактілері тіркелген жоқ. Барлық рәсімдер ашықтық, жариялылық және әділдік қағидаттарына сәйкес өтті.

Сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасаған барлық азаматтарға жауапкершілік пен белсенділік танытқандары үшін шынайы алғыс білдіреміз” деп жазылған әлеуметтік желідегі ақпаратта.

Суретте: Ринат Тауасаров, Зайсан қаласының су жаңа әкімі.



daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив