Шығыс Қазақстанда әйелді кесек мұзбен ұрып талдырып, сөмкесін ұрлаған қылмыскерге сот үкімі шықты,
Бұл оқиға Алтай ауданында болған. Жәбірленушінің анасы болған жағдайды айтты. Орта жастағы бейтаныс ер адам әйелді біршама уақыт аңдып, үйдің алдына келгенде шабуыл жасаған көрінеді. Әуелі кесек мұзбен басынан ұрып, есінен тандырады. Содан кейін сөмкесін алып қашып кеткен.
Көршілер ес-түссіз жатқан әйелді көріп, дереу жедел жәрдем мен полицияға хабар берген. Дәрігерлер жәбірленушінің денсаулығына ауыр нұқсан келмегенін анықтапты.
Алтай ауданы сотының хабарлауынша, шабуыл жасаған азамат мас болған.
Сот оны 4 жыл бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.