ШҚО құтқарушылары шұңқырға құлаған бұзауды шығарды

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 09:39 0

Қала маңындағы шұңқырлардың біріне бұзау құлап кеткен. ШҚО ТЖД құтқарушылары 3 метр тереңдікке құлап кеткен бұзауды альпинистік жабдықтың көмегімен шұңқырға түсіп, оны алып шыққан, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Бұзауды өздері шығара алмаған мал иесі ШҚО ТЖД құтқарушыларын көмекке шақырған.

– Шопандар малды өз бетінше тартып шығар алмаған. Біздің қызметкерлер альпинистік жабдықтың көмегімен шұңқырға түсіп, бұзауды үш метр тереңдіктен алып шықты, – деді ШҚО ТЖД.

Олар альпинистік жабдықтың көмегімен салмағы 200 келіге жуық жануарды аман-есен алып шыққан.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив