Бозанбайға автобус бүгін жүре бастайды

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 11:09 0

      Бұған дейін облыс орталығынан бірқатар бағытқа автобустар қатынайтынын жазған болатынбыз. Ұлан ауданына қарасты Бозанбай ауылына автобустар бүгін түстен кейін жүре бастаса, қалған бағыттарға автобус 1 мамырдан бастап қатынамақ , деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сүйенсек, Бозанбай ауылына тұрақты маршрут төмендегі кесте бойынша жүреді:  

– Өскемен қаласынан (Абай көшесіндегі автобекеттен) - 25.04.2025 ж. сағат 13:30 және 16:30-да. 

– Бозанбай ауылынан (әкімшілі жанындағы аялдамадан) - 25.04.2025 ж. бастап сағат 7:30 және 13:30-да. 

Жол жүру ақысы ересектер үшін 1 000 теңге, 15 жасқа дейінгі балалар үшін толық құнының 50%, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқалары иегерлері немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көп балалы аналар, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналар мен I топтағы мүгедектер үшін жол жүру тегін.

Ал 1 мамырдан бастап келесі кесте бойынша «Өскемен-Марқакөл» тұрақты маршруты жолға шықпақ.

– Өскемен қаласынан жөнелтілу (Абай көшесіндегі автобекеттен) - 01.05.2025 ж. сағат 14:00-де.

– Марқакөл ауылынан жөнелтілу - 01.05.2025 ж. бастап сағат 7:00-де.

Жол жүру ақысы ересектер үшін 4 500 теңге, 15 жасқа дейінгі балалар үшін толық құнының 50%, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көп балалы аналар, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандар мен I топтағы мүгедектер үшін жол жүру тегін.

Сондай-ақ 1 мамырдан бастап келесі кесте бойынша «Өскемен-Жаңа Қанай» тұрақты маршруты да жолға шығады.

– Өскемен қаласынан жөнелтілу (Мызы көшесіндегі автостанция) - 01.05.2025 ж. сағат 12:00 және 16:50-де.

– Жаңа Қанай ауылынан жөнелтілу - 01.05.2025 ж. бастап сағат 8:20 және 13:20-да;

Жол жүру ақысы ересектер үшін 650 теңге, 15 жасқа дейінгі балалар үшін толық құнының 50%, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көп балалы аналар, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандар мен I топтағы мүгедектер үшін жол жүру тегін.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив