Облыс орталығынан Үлкен Нарынға автобус жүретін болды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәлімдеуінше, автобус Абай даңғылындағы автобекеттен сағат 15:00-де жөнелтіледі. Ал Үлкен Нарын ауылынан (Огнева, 54 көшесіндегі жолаушыға қызмет көрсету пунктінен) сағат 7:00-де шығады.
Ересектердің жол ақысы – 3 500 теңге, 15 жасқа толмаған балалар билетің бағасының 50 пайызын төлейді.
««Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көп балалы аналар, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандар мен I топтағы мүгедектер үшін жол жүру тегін, – делінген хабарламада.