Өскеменде рельстерді ауыстыру жұмысына байланысты трамвайлар уақытша тоқтайды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Жөндеу жұмыстары Спорт сарайы ауданындағы Үлбі көпірінің тұсынан басталады.
– Аталмыш учаскеде рельстер ауыстырылады. Трамвайлардың тоқтағаны жөнінде қосымша хабарлаймыз, – деп мәлімдеді Өскемен әкімдігінің баспасөз қызметі.