Өскемен қаласының бірінші қалалық ауруханасында күн сайын келушілерге мамандандырылған, жоғары мамандандырылған және шұғыл медициналық көмек көрсетіледі. Медициналық мекеме стационарлық және стационарды алмастыратын форматта жұмыс істеп, тәулігіне жүздеген науқасты қабылдайды.
Қабылдау-диагностикалық бөліміне күн сайын шамамен 200 адам жүгінеді, олардың үштен бірі медициналық көрсеткіштер бойынша ауруханаға жатқызылады. Аурухана жоғары шұғылдық режимінде жұмыс істейді – жағдайлардың 90%-ы шұғыл медициналық араласуды талап етеді.
Жедел медициналық көмекті қамтамасыз ету үшін тәулік бойы 7 операциялық бөлме және 18 төсек-орынға арналған жансақтау бөлімі жұмыс істейді. Реанимация бөлімінің жүктемесі 100%-дан асады, бұл медициналық көмектің жоғары сұранысқа ие екенін көрсетеді.
Қазіргі уақытта медициналық мекемеде ауқымды қайта құру жұмыстары жүргізілуде: палаталар жаңартылып, желдету жүйесі жаңғыртылып, пациенттер үшін жағдайларды кешенді жақсарту қолға алынуда. Бұл жайлылық деңгейін арттырып қана қоймай, медициналық қызмет көрсету сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.