Маралды жолының тағы бір бөлігіне асфальт төселеді

ЖАҢАЛЫҚТАР 16-04-2025, 18:18 0

Күршім-Қалжыр-Маралды жолының бір бөлігі көктем сайын бүлінеді. Мамандардың айтуынша, бұған табиғи факторлар ықпал етеді. Осы жағдай биыл да қайталанған, дегенмен жедел жеткен бригада жол учаскесін дереу қалпына келтіріпті.

Бұл жолдың ұзындығы – 75 шақырым. Соның тек 12 шақырымына асфальт, қалған бөлігіне шағыл тас төселген. Биыл аталмыш жолға орташа жөндеу жүргізуге 894 миллион теңге бөлінді: 12-ші шақырым мен 27-ші шақырым аралығына қатты жабын төселеді. Бұл жұмыс басталып кеткен, маусым соңына дейін аяқталуы тиіс.

Ал жолдың биыл бүлінген бөлігі жөндеу жүргізілетін учаскеге кірмейді, ол шамамен 28-ші шақырымның маңайы. Яғни орташа жөндеуге бөлінген қаражат бұл жерге жұмсалмайды. Бұл жұмыс облыстық маңызы бар жолдарды күтіп ұстауға қарастырылған қаржы есебінен жүзеге асырылды. Бұл қаражат облыс бойынша ұзындығы 1,5 мың шақырым болатын жолдар желісіне бөлінеді.

Жолдарды жүйелі техникалық күтімнен өткізу және маусымдық зақымдарды жою бекітілген кесте бойынша жүргізіледі. Бұл табиғи құбылыстардың салдарын азайтып, жыл бойы автомобиль жолдарының сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив