ШҚО-да 150-ге жуық өрт болды

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 11:03 0

Шығыс Қазақстанда тек демалыс күндері 150-ге жуық өрт болды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen

Көбінесе жазық жерлер мен саяжайлар маңындағы құрғақ шөп өртенген.

Табиғат аясында демалған кезде қауіпсіздікке ерекше назар аудару керек, өйткені мұндай өрттердің шамамен 90 пайызы адам іс-әрекетінің кесірінен болады.

Еске салайық, рұқсат етілмеген жерде от жаққандар мен  құрғақ шөпті өртегендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Өрт шыққан кезде 101 немесе 112 нөмірлеріне хабар беру керек.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив