Елімізде 12 сәуірден бастап негізгі ҰБТ-ға өтінім қабылдау басталады.
ҰБТ ға қатысуға өтінішті Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы беруге болады: http://app.testcenter.kz немесе UTO.kz қосымшасы арқылы талапкердің өзі тестілеу күнін, уақытын және пунктін таңдайды.
ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады. Әрбір қатысушы жеке құрылған тест нұсқасын алады. Тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде аппеляцияға беруге болады.
Тестілеу аудиторияларында бейнебақылау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану фактілері немесе басқа да қағидалар бұзылғаны анықталған жағдайда, талапкердің нәтижелері жойылады.