Мектептерде дрон ұшыруды үйрететін үйірмелер ашылып жатыр

ЖАҢАЛЫҚТАР 10-04-2025, 09:45 0

Технология тетігін меңгеру заман талабы. Сондықтан да оқушыларымыз озық технология тетігін меңгеріп, тілін түсінуі керек. Осыған орай еліміздің 1100 мектебінде оқушыларды дрондарды басқаруға баулу басталған. Тіпті алдағы жылда "дрон операторы" атты жаңа мамандық бойынша кадрлар даярлау ісі қолға алынбақ. 

Дрондармен жұмыс істеу – робототехника аясындағы жаңа бағыт. Бұл үйірмелер оқушыларды дрондарды құрастыруға, бағдарламалауға және басқаруға үйретіп, олардың техникалық ойлау қабілетін, инженерлік дағдыларын, шығармашылық және практикалық машықтарын дамытады.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі бүгінде еліміздегі 1100 мектепте STEM-зертханалар негізінде дрон үйірмелері ашылғанын хабарлаған. Осының нәтижесінде оқушылар тек теориямен шектелмей, өз қолдарымен жұмыс істеп, нақты жобалармен айналысуда.

– Сонымен қатар елімізде 24 жас техниктер станциясы мен техникалық шығармашылық орталықтары жұмыс істейді. Бұл мекемелер балалардың инженерлік және өнертапқыштық қабілеттерін жүйелі түрде дамытумен айналысады. Ал 2025 жылдан бастап, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында  Бұл — еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа саланың дамуына серпін береді, – делінген ҚР Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив