Литий зауыты Ұлан ауданында салынады

ЖАҢАЛЫҚТАР / Басты 9-04-2025, 14:29 0

Өңір билігі Ұлан ауданында екі ірі зауыт салуды жоспарлап отыр. Оның бірі литий өндіріп, қайта өңдейтін тау-кен байыту фабрикасы болса, екіншісі литий оксиді концентратын алу үшін пегматит кендерін қайта өңдейтін кәсіпорын болмақ. Бұл жөнінде облыстық мәслихат сессиясында айтылды.

Германияның Bergbau компаниясы қатысатын бұл екі жобаны 2029 жылға дейін іске асыру жоспарланған.

Жалпы өткен жылы өңірдің 49 инвестжобасы ұлттық пулға кірген. Соның ішіндегі 10 жоба былтыр сәтті жүзеге асты. Биыл 9 жоба жоспарда тұр.

– Біздің өңірдің ерекше тұстары өздеріңізге мәлім: экономиканың негізгі бөлігін (40%) өнеркәсіп алады. Өңдеу өнеркәсібінің 70%-тен астамы бір «Казцинк» компаниясына тиесілі. Әлемдік конъюнктура өзгерген кезде тек 1 кәсіпорынға қарап отырсақ, бүкіл облыс экономикасына зияны тиюі мүмкін. Бұл дұрыс емес, сондықтан біз экономиканы әртараптандыру үшін жұмыс істеп жатырмыз, – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив