Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алуға кезекте тұрған өскемендіктер биылғы 30 маусымға дейін өз кезегінің актуальді екенін растауы керек. Себебі облыста үй алу кезегі тізімін жаңарту жұмыстары аяқталып келеді.
Тұрғын үй кезегінің талаптарына сәйкес келмейтіндердің құжаты “Kezekte.kz”ақпараттық жүйесі арқылы анықталады. Құжатыңыз заңнамаға сәйкес болмаса сізге SMS-хабарламалар жіберіледі, яғни кезектен шығасыз.
Толық ақпаратты 74-14-53 телефоны арқылы немесе Тургенев көшесі, 30 кеңсе, 104 кабинетке келу арқылы алуға болады. Қабылдау күндері - сейсенбі, бейсенбі сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін, түскі үзіліс - 13:00-ден 14:00-ге дейін.