ШҚО-да есірткі өндіретін зертхана әшкере болды
Шығыс Қазақстанда синтетикалық есірткі өндіретін зертхана ұйымдастырған екі шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды Bizdin Oskemen
Аталмыш зертхананың тәулігіне 30 келі мефедрон шығаратын мүмкіндігі болған. Тергеу мәліметтері бойынша, жерасты зертханасы 2024 жылдың шілдесінде анықталған. Тінту кезінде 125 келі мефедрон тәркіленді, бұл 630 мың бір реттік дозаға тең. Тәркіленген есірткінің «қара нарықтағы» құны 3,5 млрд теңгеден асады.
Сот шешімімен есірткі саудасын ұйымдастырды деп айыпталған шетел азаматтары 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазасын өтеу үшін қауіпсіздігі орташа түзету мекемесіне жіберілді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.