Бәйшешек жұлғандар 10 млн теңге айыппұл арқалайды

ЖАҢАЛЫҚТАР 9-04-2025, 10:19 0

ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы өңір тұрғындарына ерекше қорғауға алынған өсімдіктерді жұлған жағдайда ауқымды айыппұл арқалайтындарын ескертті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Бәйшешек пен жуа жұлғандар 10 млн теңгеге дейін айыппұл арқалап, 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Көктем бүршік жарып, дала гүлденген шақта дала гүлдерін жұлып әдемілік пен нәзіктікті көрсету үшін әлеуметтік желіге суреттер салатын жандардың бұл әрекеттен аулақ болғандары абзал. Өйткені бұның соңы ауқымды айыппұлмен және жазамен аяқталарын білген жөн. Сол себепті ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы биыл да өңір тұрғындарына бәйшешек, тау жуасы, сібір қандығы және өзге де ерекше қорғауға алынған өсімдіктерді жұлмауды ескертті. 

ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабына сәйкес Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз өндіру, сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау немесе жою, сол сияқты олардың мекендейтін жерлерін жою – 3 000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады. Не сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен немесе 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартумен, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен, не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айырады, – заңда деп көрсетілгенін ескертті ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив