Қазақстанда туристер қауіпсіздігі үшін E-Shagym жүйесі іске қосылады

ЖАҢАЛЫҚТАР 9-04-2025, 10:04 0

Туристер «Е-Shagym» жүйесі арқылы такси жүргізушілері мен қонақүйлерге шағымдана алады. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев мәлім етті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.

Вице-министр бұл жұмыс туризм саласын цифрландыру аясында жүзеге асырылатынын атап өтті.

"Цифрландыру және TravelStan қосымшасын іске қосу аясында біз туристке қажет болған жағдайда мемлекеттік мекеме өкілінің, қонақүй қабылдау бөлмесінің заңсыз әрекеттеріне немесе такси жүргізушісінің дөрекілігіне шағымдана алатындай жағдай болғанын қалаймыз. Бұл жүйе "Е-Шағым" - шағымдарды жинау жүйесі деп аталады. Біз оны енгізуді жоспарлап отырмыз", - деп түсіндірді Еркінбаев.

Сондай-ақ, TravelStan қызметі нарықтың барлық қатысушыларының бірігуіне мүмкіндік беріп, туристерге сапалы және сенімді қызметтерге қол жеткізуге кепілдік беретіні атап өтілді.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив