Соңғы уақытта онлайн-алаяқтар жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары атынан мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жалған аккаунттар ашып, түрлі мазмұндағы мәтіндік және дауыстық хабарламаларын таратуда. Бұл туралы ШҚО әкімінің баспасөз қызметі хабалап, тұрғындарды сақ болуға шақырды.
Алаяқтар көбінесе қаржылай көмек көрсету немесе белгілі бір мәселелерді шешіп беру туралы өтініш білдіреді. Сонымен қатар, азаматтардың жеке мәліметтерін алу мақсатында абоненттердің сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына қатысы бар деген жалған ақпарат таратқан.
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі алаяқтардың арандатуына ермеуді және мұндай жағдайлар болған кезде дереу құқық қорғау органдарына жүгінуді сұрайды.