ШҚО-да қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған форум өтті

ЖАҢАЛЫҚТАР 8-04-2025, 16:32 0

Облыс орталығында жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған форум өтіп, студенттер алаяқтықтың алдын алу бағытындағы дәрістерге қатысты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі Мемлекет басшысының «заң және тәртіп» тапсырмалары шеңберінде іс-шаралар ілегін бастады. Олар қаржылық қауіпсіздік саласында жастарды даярлау мен  қорғауға арнайы көңіл бөліп отыр.

– Ел Президенті жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған шараларды көбейтіп, оларды қорғау аясындағы атқарылар жұмыстарды арттыруды тапсырған болатын. Аталған бастама аясында Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігімен бірлесе отырып, университтер мен колледж студенттеріне көптеген дәрістер өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қолға алып отырмыз. Жалпы біздің жастар жеңіл жолмен ақша табуға болмайтынын, қаржы таза еңбекпен келетінін естен шығармауы керек, – деді форумның ашылуына қатысқан ШҚО әкімі Нұрымбет Сақатағанов.

Қаржы саласының мамандары дәріс барысында студенттерге қаржылық алаяқтықтың заманауи схемаларын көрсетіп, алаяқтық түрлерін ойындар арқылы түсіндірді. Жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған шараға университеттер мен колледжілердің 32 мыңға жуық студенттері қатыспақ. 

– Жалпы біздің бүгінгі өмірімізде цифрландырудың орны ерекше. Ал цифрландырудың дамуы алаяқтардың өз әрекеттерін жүзеге асыруына да мүмкіндік болып отыр. Сондықтан да бүгінгі біздің жастардың қаржылық сауаттылығы жоғары болса ғана, өздерін алаяқтықтың құрбаны болудан қорғап қала алады. Сонымен қатар, жастардың цифрлық технологияны көбірек қолданып, цифрлық жүйемен көбірек жұмыс істейтінін де естен шығармаған жөн. Сол себепті осындай қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған шаралардың көп болғаны дұрыс, – дейді дәріске қатысушы С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенті Жігер Сәрсенбаев.

Сонымен қатар, осы орайда қаржылық қауіпсіздік бойынша Ұлттық олимпиада басталғанын айта кетейік. Олимпиада ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен өтуде. Бұл жоба аясында 7 мен 11 сәуір аралығында Экономикалық тергеу Департаментінің қызметкерлері облыстағы университеттер мен колледждерде оқыту семинарлары мен тренингтер ұйымдастырмақ. Қаржылық қауіпсіздік жөніндегі Ұлттық Олимпиададан үздік шыққан студенттер Ресейдегі халықаралық олимпиадаға жіберілмек.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив