Өскеменде бір аптада 33 адамды ит қапты

ЖАҢАЛЫҚТАР 8-04-2025, 12:16 0

Өскеменде бір апта ішінде 33 адамды ит қапты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

“31 наурыздан 6 сәуірге дейін жарақат пунктіне 33 тұрғын жүгінді”, - деп мәлімдеді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Өскеменде қазір қаңғыбас иттердің көп екені белгілі. Алайда бұл жолы жарақат алған отыз үш адамның он жетісін иесі бар иттер қапқан болса, 16 адам қаңғыбас иттен зардап шеккен.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив