Қазақстанда «Атлетико Мадрид» футбол клубының академиясы ашылады


ЖАҢАЛЫҚТАР 11-06-2024, 17:40 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев испаниялық «Атлетико Мадрид» футбол клубының президенті Энрике Сересо Торресті қабылдады. Президентке елімізде «Атлетико Мадрид» футбол академиясын ашу жобасы таныстырылды.

Тоқаев футболды дамытуға бағытталған бұл бастамаға мемлекет жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

Өз кезегінде Энрике Сересо Торрес «Атлетико Мадрид» футбол академиясы әлемнің көптеген елінде ашылғанын жеткізді. Академияда дарынды футболшыларды тәрбиелеумен қатар, оларды әлемдік футбол лигаларына шығару үшін үздік тәжірибелерді енгізуге, жаттықтырушылар мен тәлімгерлердің біліктілігін арттыруға мән беріледі.

«Атлетико Мадрид» футбол академиясы Алматы облысы, Талғар қаласындағы «Akbulak» олимпиада орталығының базасында құрылмақ.

Кездесу соңында Энрике Сересо Торрес Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Атлетико Мадрид» ойыншыларының қолтаңбасы қойылған жейде сыйлады.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар