«Өскемен» аллеясы өзгереді

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 10:47 0

Қала тұрғындарының өтінішінен кейін Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов «Өскемен» аллеясының қазіргі жағдайымен танысты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

– Тексеру нәтижесінде тұрғындардың жарықтандыруға қатысты шағымдары расталды. Осыған орай, жауапты мекемелерге жарықтандыру жүйесін жаңғырту және күшейту бойынша нақты тапсырмалар жүктелді. Сонымен қатар, бірқатар басқа да мәселелер анықталды. Атап айтқанда, қоқыс жәшіктері мен орындықтардың жетіспеушілігі, аумақтың тазалығы мен көгалдандыруға қатысты кемшіліктер, – дейді Алмат Ақышов.  

Қала әкімі ТҮКШ, тиісті мекемелерге аумақты ретке келтіріп, қысқа мерзімде кешенді абаттандыру жоспарын жасап, іске асыруды тапсырды. 

– Барлық айтылған мәселелер менің тұрақты бақылауымда, – деді қала әкімі.      


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив